Білім беру саласының дамуы

«Білім беру саласының дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов жауап береді.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 17.09.2021, 09:00
  • 17.09.2021, 15:00

Мухамеджанова Жанна 17.09.2021, 09:55, Сұрақ нөмірі: 10678

  • 0

Сәлеметсіз бе! Менің қызым №74 мектеп гимназиясында 9-шы "Г" сыныпта оқиды. Сыныбында 35 оқушы. Оларды екі сыныпқа бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Астана қаласы 17.September.2021, 19:09

Құрметті Мухамеджанова Жанна! Ағымдағы оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу процесі ұйымның жобалық мүмкіндігіне, сыныптар жиынтығының санына, сынып жинақтарындағы оқушылар санына, сабақ кестесіне, кабинеттердің болуына байланысты бір немесе екі ауысымда, дәстүрлі форматта, санитарлық -эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. №74 МГ жобалық қуаттылығы 1200 орынды құрағанмен, бүгінгі күні мектепте 2980 бала білім алуда. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып 9 «Г» сыныбында 35 балаға білім берілуде. Осы ретте, мектептегі пән сыныптарының жетіспеуіне байланысты аталмыш сыныпты екіге бөлу мүмкін болмай отыр. Жыл сайынғы өсімді ескере отырып биылғы жылы 40 мыңға жуық оқушыға арналған 15 мектепті салу жобалары жүргізілуде. Оның ішінде 7 мектеп қыркүйекте ашылды. Қалған жыл соңына дейін берілетін 8 мектептің арасында №74 МГ маңында 1200 орындық Қ. Сәтпаев пен Ж. Нәжімеденов көшелерінің және 2000 орындық А. Байтұрсынұлы мен А78, А92, А56 көшелерінің қиылысындағы мектептер бар. Бұл мектептердің ашылуы Сіз көтерген мәселемен қатар қаладағы тығыздылығы сақталған, сондай-ақ үш ауысымды мектептердің санын азайту мәселесін де шешкелі отыр. Мектепішілік сұрақтарыңыз болған жағдайда №74 МГ директоры Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызымен 8-778-700-05-19 нөмірі арқылы байланыссаңыз болады. Қала өміріне белсенді қатысқаныңыз үшін рахмет.