Экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ қазақстандық жүесінің мәліметтерін пайдалану

«Экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ қазақстандық жүесінің мәліметтерін пайдалану» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Б.Ж. Оралмағамбетов жауап береді

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 17.09.2021, 09:00
  • 17.09.2021, 11:00

Исина Айгерим 17.09.2021, 10:11, Сұрақ нөмірі: 10679

  • 0

Бүгінгі таңда қандай мемлекеттік органдар осы ғарыш мониторингті (ЖҚЗ-ны) пайдалануда?

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 17.September.2021, 10:21

Қайырлы күн, Айгерим! Ағымдағы жылы бес мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғарыш түсірілімдерін ұсыну және кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту бойынша қызметтер көрсетіледі. Олар: Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін көлемі 40 млн.шаршы км болатын 40 салалық міндетті қамтитын ғарыш мониторингті жасалды. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік органдардың 24 салалық міндеттерін шешу үшін 3 500 бірлік (1 400 000 км2) – жоғары шешімдегі (ЖШ) ғарыш түсірілімдері, 1 142 бірлік – ЖШ түсірілімдерінің космомониторингі шеңберінде; 75 бірлік (444 675 км2) – орта шешімдегі (ОШ) ғарыш түсірілімдері, 241 бірлік – ОШ түсірілімдерінің космомониторингі шеңберінде берілді. Ғарыштық мониторинг нәтижелері көрсетілген экономика салалары (ауыл шаруашылығы, экологиялық, жер, орман және су ресурстары мониторингі, төтенше жағдайлар, мемлекеттік шекара және т.б.) үшін 12 геосервис енгізілді және өзектендірілді.