Экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ қазақстандық жүесінің мәліметтерін пайдалану

«Экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ қазақстандық жүесінің мәліметтерін пайдалану» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Б.Ж. Оралмағамбетов жауап береді

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 17.09.2021, 09:00
  • 17.09.2021, 11:00

Исин Адильхан 17.09.2021, 10:37, Сұрақ нөмірі: 10682

  • 0

Ғарыш мониторингтен бір нақты нәтиже, пайда бар ма? Мысал келтіре аласыз ба?

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 17.September.2021, 10:38

Қайырлы күн! Әрине ғарыш мониторингтің пайдасы зор. Мәселен, ауылшаруашылығы өндірісінің ғарыштық мониторингінің көрсетілетін қызметтінің негізгі алушысы ҚР Ауылшаруашылық министрлігі (ҚР АШМ) болып табылады. Салалық (agro.gharysh.kz.) геосервис арқылы ҚР АШМ жедел режимде ҚР барлық аумағындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын спутниктік бағалау деректері (19,6 млн.га), дақылдардың негізгі түрлері бойынша сыныптау нәтижелері және олардың егіс алаңы (бидай, арпа, сұлы, зығыр, күнбағыс) беріледі. Ғарыштық мониторинг деректері негізінде ҚР 45 ауданының жайылымдық жерлеріне түгендеу жүргізілді және олардың жалпы ауданы 77,1 млн. га цифрлық карталары жасалды. Сондай – ақ, 2021 жылдың көктемгі кезеңінде ҚР 45 ауданының жайылым алқаптарының жай-күйіне, тозу дәрежесіне және өнімділігіне спутниктік бағалау жүргізілді. ҚР Бас прокуратурасының сұратуы бойынша жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғарыштық мониторингі пайдаланылмайтын жерлерді, егістік жерлер мен жайылымдарды мақсатсыз пайдалануды анықтау тұрғысынан жүргізіледі.