Тұрғын үй саласындағы проблемалық мәселелер

«Тұрғын үй саласындағы проблемалық мәселелер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов жауап береді.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 17.09.2021, 09:00
  • 17.09.2021, 15:00

Усенова Марал 17.09.2021, Сұрақ нөмірі: 10688

  • 0

Сәлеметсіз бе! Шар Құрылыс-2--3 нысанына қатысты: ШҚ-2 компаниясы бірнеше жылдар ауқымды жұмыстар атқарып жатқанмен үлескерлердің пәтерлерін уақытылы тапсыра алмай отыр. Маған 2019 жылдың қараша айында берілетін пәтер әлі салынып жатыр. Бұл құрылысқа сеніп кредит алған, пәтер жалдап келе жатқан көршілестерім де баршылық. Сенім артып, осы жылдың аяғы деген уәдеге де көніп отыр едік. Бірақ, ол бос сөз болып қалайын деп тұр. Себебі, 3-блок бойынша ішкі жұмыстар тұрмақ, сыртқы жұмыстар толық аяқталмай жатыр. Күн суытып, қыс түскенен кейін жұмыс қарқынды жүреді дегенге күмән бар. Не себептен кешіктірлііп келеді? Оған кім жауапты? Неліктен бос уәде беріле береді? Шешімі бар ма?

Астана қаласы 17.September.2021, 16:46

Құрметті Усенова Марал! "Алтын шар-2" ТК 3-кезегінің шарты бойынша құрылысты аяқтау мерзімі-2021 жылдың желтоқсаны. Жалпы, 3 кезек 10 секциядан тұрады. Бүгінгі күні нысанның 3-ші кезегіне 18 қабатта қабырға панельдері мен жабын тақталарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 1 және 2 секцияларда монтаждау аяқталды. Сыртқы желілер тартылған. Жұмыстар 2 ауысымда жүргізілуде, бүгінгі күні құрылыс материалдарын жеткізуде проблемалар жоқ. Қазіргі уақытта "Алтын шар WEST" ЖШС-мен уәкілетті ұйыммен бірлесіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесін бекіту және құрылыс мерзімін ұзарту мәселесі пысықталуда, оған себеп зауыттағы қиындықтарға байланысты мамыр айында техникалық себептер бойынша қабырға панельдерін уақтылы жеткізбеу болып отыр.