Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2021, 09:00
  • 23.09.2021, 18:00

Юсупов Арман 23.09.2021, 09:20, Сұрақ нөмірі: 10707

  • 0

Қазақ тілінен тесттен аз нәтиже жинап қалдым. Қайтадан тегін тапсыра аламынба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.September.2021, 11:05

Сәлеметсіз бе Арман! Егер мемлекеттік тілді білуге арналған тесттен В1 деңгейінен төмен қорытынды алсаңыз (А1 немесе А2 нәтижелерімен) Сіз қосымша промокод алып, тестілеуді қайтадан тегін тапсыра аласыз. Ол үшін Сізге бірнеше қадамды орындау керек: 1-қадам: Үміткер тіркелу кезінде көрсетілген электрондық адрестен pkrezerv.gov@gmail.com адресіне жаңа промокод беру туралы өтінішпен хат жазуы керек. Хаттың мәтінінде үміткер өзінің ЖСН-ін, аты-жөнін, тесттен өткен күнін көрсетіп, алынған QRT сертификатын қоса беруі қажет. 2-қадам: шінші (және одан әрі) промокодты алу үшін тестілеудің соңғы нәтижесін (сертификатты) қоса беру керек. Бір сертификатты жіберіп, екі және одан да көп промокодты алуға жол берілмейді. 3-қадам: Барлық деректерді тексергеннен кейін үміткерге жаңа QRT промокоды жіберіледі. Жаңа промокод үміткер өтінішхат жолдаған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.