Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу
«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 23.09.2021, 09:00
- 23.09.2021, 18:00
Байзаков Жаныбек 23.09.2021, 11:17, Сұрақ нөмірі: 10709
Қайырлы күн! Менің баламның 8 жыл стажы бар, бірақ мемлекеттік қызметте жұмыс жасамаған. ол қатыса ала ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.09.2021
Қайырлы күн Жаныбек мырза! Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттарға бірқатар талаптар қойылады. Соның ішінде, жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жылды құрауы тиіс. Бұл ретте еңбек өтіліне кандидаттардың кез келген саладағы қызметі саналады. Яғни, міндетті түрде мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі қажет деген талап қойылмаған. Сіздің балаңыздың жасы 35-тен аспаған болса, жоғары білім бар болса және мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификаты болса, осы жобаға қатыса алады. Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификатты онлайн тестілеуден өтіп, алуға мүмкіндігі бар. Толық ақпаратпен pkrezerv.gov.kz сайтынан танысуға болады.