«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы»

«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2021, 10:00
  • 23.09.2021, 17:00

Молдабергенов Мухтар 23.09.2021, 11:37, Сұрақ нөмірі: 10710

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! ҚР Президентінің биылғы Жолдауында елімізде өңделетін тауарлар түрін көбейту тапсырылды. Осы орайда, аталған тапсырманы орындау үшін облыста жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың әлеуеті қандай?

Қызылорда облысы 23.September.2021, 11:44

Пандемия кезеңінде өңір экономикасының бірқатар салаларының әлсіз тұстары айқындалды. Мысалы, облыста қызмет көрсету саласы шамадан тыс дамып, ал өндіру секторы жоқтың қатарында десе де болады. Барлық тұтынатын өнімнің 90%-ы сырттан тасымалданатыны анықталды. Осыған орай, өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында облыста «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» және «2020-2025 жылдарға арналған Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы» аясында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» аясында жүзеге асырылатын жобалар санын 265-тен 404-ке дейін ұлғайтылды. Оның ішінде, құны 9 млрд. теңгені құрайтын 153 жоба жүзеге асырылып, 1,4 мың жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын 32 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Бұған қоса,былтырғы жылдан бастап бастау алған Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында құны 543 млрд. теңгеден асатын 46 жобаны жүзеге асыру көзделуде (7,4 мың жұмыс орны).Оның ішінде, былтырғы жылы 2 бірдей балық өңдеу цехтары, байытылған кварц құмы комбинаты,тыңайтқыш жәнетротуарлық плитка, бордюр, лего кірпіш зауыттары іске қосылды. Сонымен қатар, биылғы жылы құны 45,2 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 456 жұмысорнын құру жоспарланған. Олар – шыны зауыты, күріш өңдеу цехы, тұз және керамзит блоктар өндірістері. Бұған қоса, келер жылы өңдеу өнеркәсібі саласының үлесін арттыруға бағытталған 5 инвестициялық жобаның іске қосылуы жоспарлануда: - Арал ауданында өнімі 100% экспортқа бағытталған түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыты; - Қармақшы мен Жаңақорған аудандарында жалпы қуаттылығы 5 мың тонналық құс фабрикалары; - Қызылорда қаласындағы қуаттылығы 5 мың тонна ет комбинаты; - Қазалы ауданындағы балық ұны өндірісі. Сондай-ақ, келер жылы ірі өндірістер жанынан құрылатын ілеспе кәсіпорындар ретінде құрылатын 3 жобаның -шыны талшықтары, айна және құрғақ құрылыс материалдарықұрылысын бастаймыз. Атап өту қажет, соңғы 10 жылда облыста құны152 млрд. теңгені құрайтын 31 жоба іске асырылып, 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қазіргі кезде, 5 өнім түрі10-нан аса шет елдерге экспортталуда(цемент, тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты).