«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы»
«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 23.09.2021, 10:00
- 23.09.2021, 17:00
Қаныш Жансая 23.09.2021, Сұрақ нөмірі: 10711
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Сыр өңірінің тұрғындары асыға күтіп отырған жаңалықтың бірі – шыны зауытының іске қосылуы. Зауыт құрылысы қай деңгейде және біз отандық шыныны қашан қолдана бастаймыз?
Қызылорда облысы 23.09.2021
Қазіргі таңда, құрылыс алаңында құрылыс жұмыстарымен қатар, шыны зауытының балқыту ваннасы мен күйдіру пешінің жабдығын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жабдықтарды монтаждау жұмыстарын жоғары білікті техникалық шетелдік мамандар орындауда. Нәтижесінде, құрылыс жұмыстары 84%-ға, жабдықтарды монтаждау 38%-ға орындалды. Зауытты жыл соңындаіске қосу жоспарлануда. Атап өту қажет, зауыттың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес, балқыту ваннасы мен күйдіру пешін монтаждау 4 айды және жылы кезеңді (+10°С жоғары) талап етеді. Осыған орай, келер жылы шыны зауытының бірінші сынама өнімін өндіруді жоспарлап отырмыз.