«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы»

«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2021, 10:00
  • 23.09.2021, 17:00

Нурманбаева Аида 23.09.2021, Сұрақ нөмірі: 10712

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Жақында берген сұхбатыңызда шыны зауытының маңынан ілеспе зауыттар салынатынын айтқан едіңіз. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 23.September.2021, 13:13

Шыны зауытының айналысында шыны кластерін құру арқылы ілеспе жобалардың жүзеге асырылуы жоспарлануда. Қазіргі таңда шыны зауытының айналасында инвесторлармен 2 жобаны іске асыруды бастадық. Бүгінде құны 2 млрд.теңге және 160 жаңа жұмыс орны ашылатыншыны талшық шығару өндірісі қолға алынуда. Осы мақсатта, «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» компаниясы құрылды. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Өндіріс индустриялық аймағынан 15 га жер телімі берілді. Бүгінгі күні инженерлік-инфрақұрылым жеткізу үшін жоба сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге тапсырылуда. Сондай-ақ, «Дана кварц» серіктестігі айна өндірісін жүзеге асыруды жоспарлауда. Жоба құны 4,5 млрд. теңгені құрайды және 50 жұмыс орнын ашу көзделуде.Қазіргі кезде жоба сметалық құжаттама әзірленуде.