«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы»

«2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2021, 10:00
  • 23.09.2021, 17:00

Бексеитова Сымбат 23.09.2021, 13:25, Сұрақ нөмірі: 10713

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Бұқаралық ақпарат құралдарынан өңірде құрғақ түйе сүті өндірісінің жүзеге асырылып жатқандығы туралы көріп те, естіп те жүрміз. Осы орайда, елімізде ұқсас зауыттардың өнім өндіріп жатқаны белгілі. Бұл өндіріс іске қосылғаннан кейін өніміне сұраныс бола ма? Өнім өндіруге шикізат жеткілікті ме? Осы жоба туралы тарқатып айтып өтсеңіз.

Қызылорда облысы 23.September.2021, 13:42

Құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба Арал ауданында жүзеге асырылуда. Бүгінде мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жоба бастамашысына 1 гектар жер телімі берілді. Бүгінде құрылыс жұмыстары 85%-ға аяқталған. Жоба бастамашысы қуаттылығын 130 тоннадан 700 тоннаға дейін ұлғайтуына байланысты, қазіргі кезде кептіру қондырғысы орнатылатын қосымша ғимарат құрылысына жобалау жұмыстары жүргізілуде. Инновациялық бұл өнімге әсіресе Қытай мемлекетінде қызығушылық артып келеді. Нәтижесінде, қазіргі кезде өнімін сатып алуға қытайлық компания арасында өзара бітімгершілік туралы меморандум бар. Сонымен қатар, кәсіпорынды қажетті көлемде шикізатпен қатамасыз ету үшін Арал және Қазалы аудандарының түйе өсірушілерінен шикі сүт сатып алынады. Атап өту қажет, жергілікті жерден жиналған сүт арнайы салқындатқыш қондырғысы бар автокөлікпен құрғақ сүт өндіру зауытына жөнелтіледі.