Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2021, 09:00
  • 23.09.2021, 18:00

Ахметжанов Сагдиуахас 23.09.2021, 13:42, Сұрақ нөмірі: 10714

  • 0

Саламатсызба, резервке Алматы облысынан қанша адам өтеді?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.September.2021, 17:08

Қайырлы күн Сагдиуахас! Президенттік жастар кадр резервіне еліміз бойынша 50 азамат іріктеледі. Бұл ретте, өңірлер бойынша қандай да бір шектер бекітілмеген. Яғни, жоба қатысушыларының ішінде жеңімпаз атанған 50 азамат (тұрғылықты жеріне, өңіріне байланыссыз) резервке алынады.