Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Сүлейменов Қанат Тұрсынбайұлының интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.09.2021, 10:00
- 30.09.2021
Ажығалиев Құрман 30.09.2021, 10:31, Сұрақ нөмірі: 10740
Сәлеметсіз бе! Жеке қабылдауыңызға қалай келуге болады?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.September.2021, 10:53
Сәлеметсіз бе! Біз сіздің сұрағыңыз үшін алғыс айтамыз. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы күн сайын жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдайды. Егер сізде қабылдау туралы сұрақтарыңыз болса, 8 (7122) 71-75-11, 71-75-16 нөміріне қоңырау шала аласыз . Қабылдау "Antikor ortalyǵy" алаңында (Темірханов көшесі 2а) немесе онлайн өтеді.