Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Сүлейменов Қанат Тұрсынбайұлының интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.09.2021, 10:00
- 30.09.2021
Темірбаев Орынбасар 30.09.2021, 10:43, Сұрақ нөмірі: 10742
Сәлеметсіз бе?Коррупция бойынша қылмыстық жауаптылықтан басқа қандай жауаптылықтар бар?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.September.2021, 11:02
Сәлеметсіз бе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексте көзделген. А.ж. 20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді. Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу – жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы. Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Ережеде де көзделген.