Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Сүлейменов Қанат Тұрсынбайұлының интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.09.2021, 10:00
- 30.09.2021
Қарасаев Қуаныш 30.09.2021, 10:44, Сұрақ нөмірі: 10743
Сәлеметсіз бе? «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің нақты атқаратын жұмысы қандай? Қалай мүшесі болуға болады?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.September.2021, 10:54
Қайырлы күн! Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айында «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды. Жобалық кеңсе жемқорлықты жою үшін келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарады: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамдық бақылау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру. Сонымен қатар, жобалық кеңсе білім, денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары салалары бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда, еліміздің барлық өңірлерінде осындай жобалық кеңселер жұмыс атқаруда. Жобалық кеңсе туралы толық ақпаратты және мүшесі болғыңыз келсе Темирханова 2а, «Antikor ortalyǵy» алаңы немесе 8775 582 32 82 нөміріне хабарласуыңызға болады.