Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Сүлейменов Қанат Тұрсынбайұлының интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.09.2021, 10:00
- 30.09.2021
Сағынаев Диар 30.09.2021, 10:48, Сұрақ нөмірі: 10744
Сәлеметсіз бе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің міндеттерін түсіндіріп беріңізші және квазимемлекеттік сектор компаниялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін құруға міндетті ме?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.September.2021, 10:55
Сәлеметсіз бе! «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадан квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің функциялары бар құрылымдық бөлімшелерді анықтауға міндетті екендігі туындайды.