Арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы.
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2021, 15:00
- 13.10.2021, 17:00
Бейсенбеков Дауренбек 13.10.2021, 15:38, Сұрақ нөмірі: 10747
Мен мемлекеттік қызметтен 1 жыл бұрын шыққанмын. Мен мемлекеттік қызметке қайта кіретін болсам, маған сынақ мерзімі тағайындалады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.October.2021, 16:09
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы» Заңының 2-бабы 1) тармақшасына сәйкес, сынақ мерзімі мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының не нәтижелері бойынша жағымсыз себептермен мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кірген адам үшін ғана тағайындалады.