Арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы.
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2021, 15:00
- 13.10.2021, 17:00
Тилеубергенова Набира 13.10.2021, 15:42, Сұрақ нөмірі: 10748
Мемлекеттік қызметте ауысу тәртібімен конкурссыз лауазымға тағайындалу жүзеге асырылады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.October.2021, 16:10
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабының 10-тармағына сәйкес, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.