Арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы.
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2021, 15:00
- 13.10.2021, 17:00
Жүсіп Алуа 13.10.2021, 16:26, Сұрақ нөмірі: 10749
Менің атқарып отқан лауазымым қысқарған жағдайда маған жәрдемақы төленеді ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.October.2021, 16:30
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабы 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.