Арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы.
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар арыз-шағымдардың қаралуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2021, 15:00
- 13.10.2021, 17:00
Махамбетова Салтанат 13.10.2021, 16:28, Сұрақ нөмірі: 10750
Қазір кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін. Болашақта мемлекеттік қызметке орналасатын болсам, кәсіпкерлігімді қатар жүргізе аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.October.2021, 16:31
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында мемлекеттік қызметші кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқылы еместігі көрсетілген. Бұл ретте, мемлекеттік қызметпен кәсіпкерлік қызметті қатар жүргізу мүмкіндігі жоқ екендігін назарыңызға жеткіземіз.