«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс мәдениет және өнер мекемелерінде атқарылған іс-шаралар туралы»

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс мәдениет және өнер мекемелерінде атқарылған іс-шаралар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 14.10.2021, 10:00
  • 14.10.2021, 17:00

Калымбетова Кулан 14.10.2021, 11:21, Сұрақ нөмірі: 10752

  • 0

2022 жылғы 1 қаңтарда қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Twitter» парақшасында осы мерейтойға орай ауқымды шараларды өткізу тапсырды. Роза апамыздың туған жері Сыр өңірінде қандай мерейтойлық шаралар атқарылады?

Қызылорда облысы 14.October.2021, 11:36

Я дұрыс айтасыз, келер жылы Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, бүкіл дәуірдің ұлттық символы атанған жезтаңдай әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Мерейтойды кең көлемді атап өту бойынша Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді. Өңірімізде екі жылда бір рет Роза Бағланова атындағы «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер байқауы ұйымдастырылып келеді. Келесі жылы Роза апамыздың 100 жылдығына орай, осы байқаудың ауқымын кеңейтіп, республикалық деңгейде ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, биылғы жылдың желтоқсан айында Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 600 орынға арналған Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасында Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату заңдылықтарына сәйкес 2022 жылдың қаңтар айында облыс орталығында Роза Бағланованың еңселі ескерткішін орнататын боламыз.