«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс мәдениет және өнер мекемелерінде атқарылған іс-шаралар туралы»
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс мәдениет және өнер мекемелерінде атқарылған іс-шаралар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 14.10.2021, 10:00
- 14.10.2021, 17:00
Ахметбек Бақытжан 14.10.2021, Сұрақ нөмірі: 10753
Өзіңізге белгілі, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Архив-2025» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осы жоба аясында Сыр өңірінің тарихына қатысты зерттелмеген құнды құжаттарды елге қайтару мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?
Қызылорда облысы 14.October.2021, 13:28
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі элементтерінің бірі- «Архив-2025» жобасы ежелден қазіргі заманға дейінгі барлық отандық және шетелдік архивтердегі іргелі зерттеулерді қамтиды. Тарихшылардың зерттеулеріне сәйкес Сыр өңірі тарихына қатысты тың құжаттар Ресей Федерациясының Орынбор, Москва, Санк-Петербург, Татарстан, Өзбекстан Республикаларының Орталық мемлекеттік архивтерінде сақталған. Өткен жылы Орынбор мемлекеттік архивімен келіссөздер жүргізіліп, облыс тарихын бейнелейтін 18-20 ғасыр аралығындағы құжаттардың тізімі алынды. Алдағы уақытта аталған құжаттардың көшірмесін алу үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарихшы-ғалымдары мен мемлекеттік архив мамандарынан топ құрып, ғылыми экспедицияға жіберуді жоспарлап отырмыз. Кезең-кезеңімен тарихи құжаттардың көшірмесін елімізге жеткізу арқылы Сыр елінің тарихы айқындала түсетініне сеніміміз мол.