«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс мәдениет және өнер мекемелерінде атқарылған іс-шаралар туралы»
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс мәдениет және өнер мекемелерінде атқарылған іс-шаралар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 14.10.2021, 10:00
- 14.10.2021, 17:00
Саймаганбетов Берик 14.10.2021, 13:32, Сұрақ нөмірі: 10754
Биыл Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Егемендік жылдарда елдің рухын көтеретін мәдениет, білім, әдебиет, ғылым салалары жылдан – жылға қарыштап дамуда. Осы орайда елдің рухын көтеретін, жастарымызға рухани бағыт беретін қандай ауқымды мәдени іс-шаралар өткізілді?
Қызылорда облысы 14.October.2021, 13:36
Ия, биыл еліміз үшін маңызды жыл. Біз үшін қастерлі саналатын егемендіктің қадір-қасиетін насихаттап, ұрпаққа үлгі ету үшін ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарымыз бен қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің тәуелсіз жылдар аралығындағы жетістіктерін насихаттау мақсатында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы өткізіліп, айтыскер ақындар тәуелсіз еліміздің 30 жылда бағындырған белестерін жырға арқау етсе, жыр жүйріктері Кете Жүсіп Ешниязұлының бұрын соңды көп орындалмаған жыр-дастандарын және Тәуелсіздік тақырыбында жазылған жыр шумақтарын Сыр мақамдары арқылы насихаттады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Сыр бойындағы аңыз әңгімелер, шежіре, батырлар жыры, қисса-дастандардың ел аузындағы нұсқаларын жинақтап, «Сыр өңірі фольклоры антологиясының» үш томдығын шығару жоспарланған болатын. Биылғы жылы антологияның І томы «Жанқожа батыр» деген атпен жарыққа шығып, ұлттық құндылығымыз толығып, рухани қауымға жол тартты. Бұл қазақ тарихындағы айтулы жыл – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үлкен тарту болып отыр.