«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.10.2021, 14:00
- 15.10.2021, 17:00
Шахметов Рустем 15.10.2021, 15:13, Сұрақ нөмірі: 10755
Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын алуым үшін қандай құжаттар керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.October.2021, 16:04
Қайырлы күн, сауалыңызға рақмет! Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда: 1) жеке басты куәландыратын құжат; 2) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері үшін баж төлеу; 3) бұрынғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері болған кезде ол телнұсқа берген кезде тапсыруға жатады; "Электрондық үкімет" порталына жүгінген жағдайда: 1) көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" порталында электрондық-цифрлық қолтаңбасын белсендендіреді, оның атына берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін таңдап, барлық деректемелік деректерді толтырады; 2) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеуді, оның ішінде электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлеуді жүргізеді. 3) бұрынғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері болған кезде ол телнұсқа берген кезде тапсыруға жатады.