«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.10.2021, 14:00
- 15.10.2021, 17:00
Утеналиев Марат 15.10.2021, 15:26, Сұрақ нөмірі: 10756
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге қандай құжаттар қажет болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.October.2021, 16:01
Қайырлы күн, Сауалыңызға рақмет. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлы қолтаңба) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.