«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.10.2021, 14:00
- 15.10.2021, 17:00
Халмуратова Жансая 15.10.2021, 16:30, Сұрақ нөмірі: 10757
Қайырлы күн, қазіргі кезге дейін мемлекеттен жер алған емеспін. Осыған байланысты жер алу үшін кезекке тұрғым келеді ол үшін қандай құжаттар жинағаным дұрыс?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.October.2021, 16:59
Қайырлы күн, Сауалыңызға рақмет. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаға сәйкес, Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). арқылы өз өтінішіңізді жолдай аласыз. Осыған байланысты көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш және жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін); Егерде портал арқылы өтініш жолдайтын болсаңыз: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш қажет болады.