«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.10.2021, 14:00
- 15.10.2021, 17:00
Нұрғали Алтынай 15.10.2021, 16:49, Сұрақ нөмірі: 10758
Саламатсызба, қазіргі таңда жұмыссыз едім, қазіргі жағдайыма байланысты жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгім келеді ол үшін қандай мекемеге жолығамын және де қандай құжаттарды өзіммен бірге алып барғаным дұрыс сұратылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.October.2021, 17:00
Қайырлы күн, Сауалыңызға рақмет. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидасына сәйкес, "Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына; Жұмыспен қамту орталығы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына жолығуға сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өз өтінішіңізді жолдауға болады. Мемлекеттік корпорацияға және Жұмыспен қамту орталығы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына жүгінген жағдайда: мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса); білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса) сұратылады. Ізденуші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысанын толтырады.