«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2021 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстары» бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2021 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстары бойынша сауалдар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 2
- 18.10.2021, 10:00
- 18.10.2021, 17:00
Болат Айнұр 18.10.2021, Сұрақ нөмірі: 10759
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді қолдауда бірішама жұмыс жасап жатқаны бәрімізге мәлім, Қызылорда облысындағы кәсіпкерліктің дамуына Сіз басқарып отырған ұжымның жұмысы қандай?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 18.October.2021, 13:26
Құрметті Болат Айнұр! Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігімен ел экономикасына инвестиция құю процессін оңтайландыру мақсатында, сондай- ақ инвесторларды қағазбастылықтан және сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін “Protecting Business and Investments” жобасы іске асырылып жатыр. Біздің миссиямыз-Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою. Біз азаматтарды және мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан сенімді қорғайтын кәсіби, ашық, тиімді және нәтижелі құқық қорғау органының мәртебесіне толық көлемде сәйкес болу үшін басталған жұмысты жалғастыру. Біз мұны әділдік, парасаттылық және сенім сияқты іргелі құндылықтарға сүйене отырып жасаймыз. Өңірімізде Департаменттің бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Protecting Business and Investments» жобасы аясында 557,9 млрд. теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынды (6 шетелдік және 19 отандық жоба). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментініңсоңғы 3 жылдағы статистикалық мәліметтеріне сүйенсек кәсіпкерлерден 62 өтініш келіп түсті, оның 33-і қанағаттандырылды, 29-і бойынша тиісті түсініктемелер берілді. 2020 жылы салық органдарында тіркеу, мемлекеттік жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша тендерге қатысу және жер мәселелері бойынша 4 кәсіпкерге (жоба субьектілері болып табылмайды) көмек көрсетілді. Қосымша сауалдарыңыз болса Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшісі №156 ғимаратына келіп қосымша ақпарат ала аласыздар.