«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2021 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстары» бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2021 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстары бойынша сауалдар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 2
- 18.10.2021, 10:00
- 18.10.2021, 17:00
Жетібай Баурар 18.10.2021, 13:11, Сұрақ нөмірі: 10760
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында қандай шаралар қабылдануда?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 18.October.2021, 13:24
Құрметті Жетібай Баурар! Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Антикор орталығының» ғимаратында «Адал көмек» жобасы аясында түрлі сала мамандары, адвокаттар мен юристтер тегін құқықтық кеңес беріліп, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер арқылы өткізіліп, кеңінен ақпараттандыру мақсатында танымал топтарда кеңінен жариялануда. «Адал көмек» жобасы аясында құқықтық кеңес беру науқаны жыл басынан облыс бойынша 988 тікелей эфир, 124 танымдық видеоролик және 97 кездесу ұйымдастырылып, жалпы 3000-ға жуық азамат әр-түрлі сала бойынша тиісті мемлекеттік органдардың білікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,)қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тегін құқықтық кеңестер алды.