«Мемлекеттік қызмет саласы және Әдеп кодексі мәселелері туралы»
«Мемлекеттік қызмет саласы және Әдеп кодексі мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.10.2021, 11:00
- 28.10.2021, 15:00
Айсұлтанұлы Жайық 28.10.2021, Сұрақ нөмірі: 10773
Егер, мемлекеттік қызметшіге өзі келісім бермеген немесе білмейтін адамдардан қызмет көрсеткені үшін сыйлықтар келген жағдайда, ол қандай әрекет жасауы керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.10.2021
Қайырлы күн! Сауалыңызға рақмет! ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сыйлықтың алынған күнінен бастап не мемлекеттік қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.