«Мемлекеттік қызмет саласы және Әдеп кодексі мәселелері туралы»
«Мемлекеттік қызмет саласы және Әдеп кодексі мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.10.2021, 11:00
- 28.10.2021, 15:00
Кулбаев Дулат 28.10.2021, Сұрақ нөмірі: 10775
Зейнет жасына келген мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік органдағы болып жатырған қысқарту кезінде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жардемақысын төлей отырып, қысқартуға жіберуге боладыма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.October.2021, 13:15
Қайырлы күн, сауалыңызға рақмет! Мемлекеттік қызметшілерді қысқарту кезінде әлеуметтік осал топтардың жұмысы сақталады. Бұл ретте, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, осы Заң, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. Еңбек кодексіне сәйкес, жүкті әйелдерді, үш жасқа дейін баласы бар, жалғызбасты аналарды, зейнетке шығуға 2 жылдан кем уақыт қалғандарды жұмыстан шығаруға болмайды.