«Мемлекеттік қызмет саласы және Әдеп кодексі мәселелері туралы»
«Мемлекеттік қызмет саласы және Әдеп кодексі мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.10.2021, 11:00
- 28.10.2021, 15:00
Борашева Сауле 28.10.2021, 14:32, Сұрақ нөмірі: 10776
Мемлекеттік қызметші басшылығының тарапынан әдеп нормаларының бұзылғанына (немесе өзіне қатысты) куә болған жағдайда не істеуі керек және менің қызмет атқаратын жерімде басшы тарапынан діни тұрғыдағы мәселелер көп айтылады, бұл тұрғыда қандай шара қолдануға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.October.2021, 14:41
Қайырлы күн, сауалыңызға рақмет! Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа хабарлауға, егер әдеп нормаларын сақтамау мәселелері басшылық тарапынан орын алған жағдайда, мемлекеттік қызметші Әдеп жөніндегі уәкілге хабарлауға немесе жоғарғы тұрған уәкілетті органга (лауазымды тұлға) жүгінуге құқылы. Сонымен қатар, Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды. Осыған орай, аталған мәселе бойынша Сіз мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға жүгіне аласыз.