Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 10.11.2021, 10:00
- 10.11.2021, 17:00
УТЕПОВ ЕРЖАН 10.11.2021, 13:01, Сұрақ нөмірі: 10777
Саламатсызба Рафхат Төлеуғалиұлы! Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік мекемелер тарапынан әуре-сарсаңға салып артық құжат сұратып, мерзімін кешіктіріп жатады, осындай жағдайдаларда қандай мекемеге шағымдана аламыз?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.November.2021, 16:32
Құрметті Утепов Ержан! Мемлекеттік мекемелер тарапынан әуре-сарсаңға салып артық құжат сұратып, мерзімін кешіктіріп жатқан жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдана аласыз. Шағымдарды қарау мерзімі тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сенім телефоны 8 (7242) 70-56-36. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.