Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 10.11.2021, 10:00
  • 10.11.2021, 17:00

Абсадыков Марат 10.11.2021, 16:08, Сұрақ нөмірі: 10779

  • 0

Саламатсыз ба? Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза теріс қылық жасалған күннен 6 ай, анықталған күннен 1 ай кешіктіріп қолдануға болмайды. Теріс қылықты анықтаған күн қай кездерден бастап саналады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.November.2021, 16:37

Құрметті Абсадыков Марат! Тәртіптік теріс қылықты мемлекеттік қызметші түсініктемесінде мойындаса, тәртіптік жаза қызметтік тергеп-тексеру жүргізілмей қоладанылуы мүмкін. Бұл жағдайда теріс қылықтың анықталған күні болып түсініктеме алынған күн болып табылады. Ал егерде, тәртіптік теріс қылықты мемлекеттік қызметші түсініктемесінде мойындамаса, тәртіптік комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарған күні теріс қылықтың анықталған күні болып саналады.