Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 10.11.2021, 10:00
- 10.11.2021, 17:00
Абсадыков Марат 10.11.2021, 16:12, Сұрақ нөмірі: 10780
Егер мемлекеттік қызметші мемлекеттік орган ішіндегі басқа бөлім басшысы лауазымына ауысқан жағдайда оның тәртіптік жазасы алынады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.November.2021, 16:40
Құрметті Абсадыков Марат! Тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаңа тәртіптік терiс қылық жасамаса және бұл ретте өзiн адал қызметкер ретiнде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейiн алып тасталуы мүмкiн. Бұл ретте тәртіптік жазаны алу туралы мәселе тәртіптік комиссияда қаралып, тәртіптік комиссияның келісімі негізінде алынып тасталуы тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтен шыққан күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза оның мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған күнінен бастап алынған болып саналады. Демек, сол мемлекеттік орган ішінде басқа лауазымға ауысқан жағдайда тәртіптік жаза алынып тасталған болып есептелмейді.