Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 10.11.2021, 10:00
  • 10.11.2021, 17:00

Сәкен Әміржан 10.11.2021, 16:28, Сұрақ нөмірі: 10781

  • 0

Саламатсызба! Біздің қалада эцп ашу, сосын справкаларды алу сияқты тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақшаға жасайтындар орындар бар. Сол үшін олар 500-ден бастап 3000 теңгеге дейін ақша алады. Сонда тегін берілетін қызметтерді адамдар неге ақшаға алуы тиіс. Азаматтарға жағдай жасау керек қой. Цоннан басқа қай жерде тегін алуға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.November.2021, 17:32

Құрметті Сәкен Әміржан! Сұрағыңыз өте орынды. ЭЦҚ, яғни электрондық цифрлық қолтаңба мен түрлі анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және осы мақсатта арнайы ашылған Электрондық қызметтерді өздігінен алу орталығы арқылы тегін алуға болады. Сіз, Электрондық қызметтерді өздігінен алу орталығында «электронды үкімет» веб-порталынан қызметтерді оңай, кедергісіз тегін ала аласыз. Орталықта тұрғындарға қажетті кеңес беретін ХҚКО-ның мамандары бекітілген. Орталықтың мекенжайы: Қызылорда қаласы, Бектұрғанов көшесі, 70 (И.Панфилов көшесімен қиылысы).