Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 10.11.2021, 10:00
- 10.11.2021, 17:00
Уразбаева Индира 10.11.2021, 16:29, Сұрақ нөмірі: 10783
Мемлекеттік қызметшілерге қызмет атқару барысындағы жетістіктері үшін қандай көтермелеулер қолданылуы мүмкін?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.November.2021, 16:45
Құрметті Уразбаева Индира! Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін: 1) біржолғы ақшалай сыйақы беру; 2) алғыс жариялау; 3) бағалы сыйлықпен марапаттау; 4) грамотамен марапаттау; 5) құрметті атақ беру; 6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін.