«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру»

«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Ф. Степаненко жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 16.11.2021, 15:00
  • 16.11.2021, 18:00

Базарбаев Нурали 16.11.2021, 15:07, Сұрақ нөмірі: 10786

  • 0

Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке кіру кезінде арнайы тексеруден өткен үш ай ішінде, мемлекеттік қызмеші сынақ мерзімінен өтеді. Бұл мерзім жұмыс өтііне қосылама?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.November.2021, 15:15

Қайырлы күн! Мемлекеттік әкімшілік лауазымда көзделген арнайы тексеру жүргізу кезінде міндеттемелерді уақытша орындау кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.

Бегалиев Амирхон 16.11.2021, 16:00

Жауапты заңнамаға сілтеме жасай отырып жазуды сұраймын? Жалпақ тілмен жауап беру заманы өтті. Қазіргі заман талабы мелекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңнамаға сілтеме жасай отырып жауап жолдау қажет. Өйткені мемлекеттік саясатттың басты мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сай Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.