«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру»

«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Ф. Степаненко жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 16.11.2021, 15:00
  • 16.11.2021, 18:00

Бегалиев Амирхон 16.11.2021, 15:41, Сұрақ нөмірі: 10788

  • 0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларыны4 6-абына сәйкес Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттiң кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 121-бабына сәйкес қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Сұрақ; 1) аудандық деңгейде халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары болып кім табылады? 2) аудандық деңгейде халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары қандай құжатпен қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.November.2021, 17:43

Қайырлы күн! 1) Үкіметтің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысының 6 –бабына сәйкес "Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары арқылы кәмелетке толмағандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары (бұдан әрі-орган) арқылы қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттің функцияларын жүзеге асырады". Осылайша, аудандық деңгейде халықты кәмелетке толмағандарға қорғау жөніндегі уәкілетті орган аудандардың білім бөлімдері, кәмелетке толмағандарға қорғаншылық белгілеген кезде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері болып табылады. 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылықты белгілеу үшін құжат – "Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының білім бөлімдерінің (басқармалары) және Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы бұйрығы" болып табылады. Кәмелетке толмаған әрекетке қабілетті, әрекетке қабілеті шектеулі азаматтарға, сондай-ақ аудандар, қалалар аппараттарының психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі туралы ережелердің негізінде, яғни кәмелетке толған адамға қорғаншылық белгіленген жағдайда, аудан, қала әкімдігінің қаулысы түрінде шешім қабылданады және қорғаншы болып тағайындалған адамға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.