«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»

Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 19.11.2021, 09:00
  • 19.11.2021, 17:00

Ортакбаева Индира 19.11.2021, 11:13, Сұрақ нөмірі: 10802

  • 0

Сәлеметсіз бе! Анамның телефонына ЭЦП мерзімі аяқталуға жақын деген хабарлама келген екен. Енді ЦОНға барып , қайтадан ЭЦП алу қажеттілігі бар ма? Анам аудан орталығынан алыстау тұратын еді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.November.2021, 11:37

Салеметсіз бе! ЭЦҚ мерзімі аяқталып жатса ХҚКО бару арқылы жаңа ЭЦҚ алудың қажеттілігі жоқ. egov.kz немесе pki.gov.kz сайты арқылы ЭЦҚ мерзімін 1 жылға ұзарта аласыз. Ол үшін: -ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшіңіз, ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.Негізгі жолдарды толтырып, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз. ЭЦҚ-ны сақтау жолын таңдаңыз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.