«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»

Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 19.11.2021, 09:00
  • 19.11.2021, 17:00

Құдыретулла Дастан 19.11.2021, Сұрақ нөмірі: 10803

  • 0

Саламатсыз ба?! Мемлекеттік қызметші мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оның қызметімен не болады? Әскерден келген соң өз қызметін жалғастыра алады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.November.2021, 13:22

Сұрағыңызға рахмет! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 40-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.