«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»
Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 19.11.2021, 09:00
- 19.11.2021, 17:00
Насирдинова Меруерт 19.11.2021, Сұрақ нөмірі: 10804
Егер, мемлекеттік қызметші теріс қылық жасады десе, бірақ ол онымен келіспесе не істеуге болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.November.2021, 13:23
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 ж. №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» ережесінің 33-тармағына сәйкес, Мемлекеттік әкімшілік қызметшi терiс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсiнiктеме талап етiледi және осы ереженің 35-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуі тиiс.