Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарын іске асыру туралы

Аталған интернет-конференция барысында сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарының іске асырылуына қатысты ұсыныстарды қарастыру жоспарлануда.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 26.11.2021, 09:00
  • 26.11.2021, 18:30

Қазбек Ақерке 26.11.2021, 09:39, Сұрақ нөмірі: 10820

  • 0

Отандық медиа саласы қалай дамып жатыр?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 26.November.2021, 17:08

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) отандық медиасаланы жаңғырту, күшейту және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты дамыту, мемлекеттің қоғаммен және медианарықтың кәсіби қатысушыларымен диалогы үшін жағдай жасау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстанда барлық тілдік және саяси әралуандылықты білдіретін 4 700-ден астам отандық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Бұл ретте медиасаланың қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып және отандық БАҚ-ты одан әрі қолдау мақсатында Министрлік салалық заңнаманы тұрақты негізде жетілдіруде. Қазақстан Республикасының Үкіметі өткен жылы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіткендігін атап өткен жөн. Ұлттық жоспарда цифрлық кеңістікте БАҚ-тың дамуына жағдай жасау, мультимедиалыққа және анықтыққа бағдарланған өндірілетін контенттің сапасын арттыру, БАҚ-ты қолдаудың экономикалық және институционалдық шараларын қоса алғанда, медиасфераның экожүйесін жетілдіру мәселелері қамтылған. Сонымен қатар, БАҚ-тың дамуына кадрлық әлеуеттің зор әсерін ескере отырып, Министрлік адами капиталдың сапасын арттыруға ерекше назар аударып отыр. Осы мақсатта, аталған сала мамандарының кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспары іске асырылуда. Ақпараттық-коммуникациялық ортаның қарқынды дамуы, коммуникацияның жаңа арналарының (әлеуметтік желілер, мессенджерлер, блог-платформалар) пайда болуы, ақпараттық өнімнің жаңаруы және өзге де заманауи үрдістер контентті берудің жаңа тәсілдері мен форматтарының пайда болуына ықпал етті, бұл да отандық БАҚ-тың дамуына айтарлықтай әсер етеді.