Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 26.11.2021, 11:00
- 26.11.2021, 16:00
Асқар Жайық 26.11.2021, 13:23, Сұрақ нөмірі: 10821
Келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі қашан және қандай форматта өтеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.November.2021, 13:35
Құрметті Асқар Жайық! Интернет-конференцияға сауал қойып, белсенді қатысқаныңызға алғысымызды білдіреміз. Сіздің сауалыңыз бойынша келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі 30 қарашада сағат 14.30-да аумақтық департаменттің "Департамент госслужбы Мангистау" Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты арқылы онлайн форматта өтетіндігін назарыңызға береміз. Осы жолғы онлайн жәрмеңке орталық атқарушы органдардың көрсететін қызметтеріне қатысты болмақ.