Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ашық деректер тізбесін кеңейту туралы

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ашық деректер тізбесін кеңейту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Ардақ Сиязбекұлы Тиес жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 24.11.2021, 09:00
  • 26.11.2021, 17:00

Акпарова Ардак 26.11.2021, 13:56, Сұрақ нөмірі: 10822

  • 0

Сәлеметсізбе! Төтенше жағдайлар министрлігінде неше және қандай ашық дерек бар?

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 26.November.2021, 14:17

Төтенше жағдайлар министрлігі «Ашық үкімет» порталында Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысы) 16 ашық дерек орналастырады. «Өнеркәсіп» бөлімінде: 1) Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың тізбесі 2) Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген рұқсаттардың тізбесі 3) Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігінің тіркелген декларацияларының тізбесі. «Экология, қоршаған орта және азаматтық қорғаныс» бөлімінде: 1) Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпараты 2) Қазақстан Республикасы аумағының табиғи дүлей зілзалаларға ұшырауы 3) Апаттар медицинасы орталығы трассалық медициналық-құтқару пункттерінің орналасуы туралы мәліметтер (мекенжайлары, байланыс деректері, геолокация) 4) ТЖМ әскери бөлімдерінің мекенжайлары мен телефондары көрсетілген тізбесі 5) Жедел-құтқару жасақтарының мекенжайлары мен телефондары көрсетілген тізбесі 6) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттері дағдарысты жағдайлар басқармаларының байланыс телефондарының тізілімі 7) Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою үшін шығарылған мемлекеттік материалдық резервтің броньнан алынған материалдық құндылықтары туралы мәліметтер. «Құқықтық жүйе және қоғамдық қауіпсіздік» бөлімінде: 1) Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің тізілімі 2) Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттелген сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімі 3) Өрт сөндіру деполарының тізбесі және олардың заңды мекенжайлары 4) Өрттер мен олардың салдарларын ресми статистикалық есепке алу. «Мемлекеттік сектор» бөлімінде: 1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы деректер 2. Президенттік жастар кадр резерві шеңберінде адамдарды жұмысқа орналастыру туралы ақпарат.