Қазақстандағы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету

«Қазақстандағы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету» тақырыбындағы интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 09.12.2021, 10:00
  • 09.12.2021, 17:00

Турлыбекова Динара 09.12.2021, 10:31, Сұрақ нөмірі: 10830

  • 0

Сәлеметсіз бе, үш баланың анасымын. Жақында төртінші балам өмірге келеді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны алу үшін Мемлекеттік корпорацияға барып өтініш беруім керек пе? Әлде онлайн ресімдеу мүмкіндігі бар ма?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 09.12.2021

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Жүгіну күні өтініш берген күн болып есептеледі. Сіздің аталған қызмет түрін проактивті форматта алу мүмкіндігіңіз бар. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет көрсетілген кезде өтініш талап етілмейді. Бұл жағдайда құжат ресімдеу үшін ешқайда бармай-ақ, қажетті ақпаратты келген СМС-хабарламаға жауап ретінде жолдау керек. Себебі, «Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау» проактивті қызметі қызметті алушының қатысуынсыз көрсетіледі.