Қазақстандағы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету
«Қазақстандағы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету» тақырыбындағы интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 09.12.2021, 10:00
- 09.12.2021, 17:00
Жангазина Жанар 09.12.2021, 15:33, Сұрақ нөмірі: 10831
Сәлеметсіз бе! Төрт баланың анасымын. Көпбалалы отбасыларға берілетін куәлікті қашан және қалай алуға болады?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 09.December.2021, 15:48
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындалады. Жәрдемақыны тағайындалған соң «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жәрдемақы алушыға жәрдемақы алушы куәлігін ұсынады және жыл сайын жәрдемақы туралы ақпаратты өзектендіріп отырады.