Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тікелей басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілік институты, комплаенс-қызметтер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқа да шаралар туралы
Пайдаланушылардың сұрақтарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әшірбаев Әділхан Хасымханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 28.12.2021
- 28.12.2021, 16:00
Сыдыкова Нуркуль 28.12.2021, 15:48, Сұрақ нөмірі: 10848
Сәлеметсіз бе Әділхан мырза! Жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық жауаптылықтан басқа қандай жауаптылықтар бар?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 28.December.2021, 15:51
Сәлеметсіз бе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексте көзделген. А.ж. 20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді. Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу – жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы. Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Ережеде де көзделген.