Қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы
«Қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы » тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Мұхамедқалиұлы Күлдіков жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 29.12.2021
- 30.12.2021, 17:00
Қазбек Ақерке 29.12.2021, Сұрақ нөмірі: 10850
Сәлеметсіздерме?! Мысалы сіздер ауа райы қолайсыз кезде (боран) далада қалып қойған жағдайда тек адамды құтқарасыздар, неге көлікті шығаруға көмек болмайды? Олда адамның бір отбасының мүшесі сияқты ғой.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 30.December.2021, 16:53
Құрметті Қазбек Ақерке! «Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес азаматтық қорғаудың негізгі міндеті авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдарды құтқару және эвакуациялау болып табылады. Құтқару бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктері мен ауа райы жағдайларын негізге ала отырып, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар аймағындағы лауазымды адамның шешімімен техниканы шығарады. 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде ТЖМ құтқару бөлімшелері қар құрсауынан 3 255 адамды, оның ішінде 273 баланы құтқарды. 1 618 адамды, оның ішінде 141 баланы эвакуациялады. Қар құрсауынан 1 646 бірлік техника (1067 жеңіл, 536 жүк және 41 автобус) шығарылды. Биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап қар құрсауынан 27 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. 74 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Қар құрсауынан 3 бірлік техника (2 жеңіл және 1 жүк) шығарылды.