Мемлекеттік қызметке түсу мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.01.2022, 10:00
- 31.01.2022, 17:00
Айтбаев Ержан 31.01.2022, 14:48, Сұрақ нөмірі: 10864
Саламатсызба. Госслужбаға кіруге арналған тесттан өте алмай қалсам не болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.January.2022, 15:46
Қайырлы күн Ержан мырза! Сауалыңызға рақмет. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 ж. № 40 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары бекітілген. Аталған заңнаманың 19-тармағында келесідей көрсетілген: Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі. Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 7262 438 826 телефон нөміріне хабарласуға болады.