Мемлекеттік қызметке түсу мәселелері

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 31.01.2022, 10:00
  • 31.01.2022, 17:00

Әмірбек Жәнібек 31.01.2022, 15:16, Сұрақ нөмірі: 10865

  • 0

Ауыл әкімшілігіндегі жұмысқа кіру үшін тесттің қай бағдарламасы бойынша тапсыруым керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.January.2022, 15:31

Қайырлы күн Жәнібек мырза, сауалыңызға рақмет! Аталған лауазымдарға орналасу үшін тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тест тапсыру қажет. Үшінші бағдарлама: 7 Заң, тапсыру уақыты 85 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (100 сұрақ) 50 – тен (50%) кем емес дұрыс жауаптар болу тиіс; Сондай-ақ, тиісті бағдарлама бойынша әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар болу тиіс. Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша тест тапсырған азаматтар қалалық, аудандық, ауылдық окруктегі ең төменгі лауазымдар яғни C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 7262 438 826 телефон нөміріне хабарласуға болады.